0 1 2

Инкубация: бұл не?

Инновациялық кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың айқын бір өрнегі болып бизнес инкубациясы табылады. Инкубация шарттары шағын кәсіпорындарды құру мен дамыту барысында туындайтын кедергілерді жеңуде едәуір көмегін тигізеді.
Бизнес-инкубатор жаңадан ашылған кәсіпорындарға, бизнестің дамуына септігін тигізетін шаруашылық іс-әрекеттерін және офистік қызмет жүргізу үшін өндірістік және офистық, т.б. орындарды тиімді шарттар негізінде беру арқылы қолдау көрсетеді.

Бизнес инкубациясының тиімді жағы

Бизнес-инкубатор бизнесті дамыту үшін қаржылай және техникалық жәрдем іздеуге көмек көрсетеді.
Инкубатордың офистық және кеңес қызметтерін ұсынуы, қызметкерлер саны ұлғаюының алдын алуға және негізгі қаржы көзін тартуға мүмкіншілік береді. Бұл шағын бір фирманың жұмысына қажет шығындарды азайтып, тиімді қылады. Сонымен қатар, кеңестік қызметтер, ақпараттық база және оқыту іс-шаралары кәсіпкерлерге қазіргі қалыптасып отырған ортаға төзіп бағып, дамуға көмегін тигізеді.

Инкубация даму тарихы

Инкубаторлардың кәсіпкерлік пен экономикалық дамуға, және бірлескен жұмыстың дамуына жасаған ықпалы, бұл кәсіпорындарды көпшілік мойындаған аймақтық даму құралдарына айналдырды. Ресми мәліметтер бойынша, әлемдегі ең бірінші бизнес-инкубатор 1959 жылы Батавия қаласында ашылған (АҚШ). 80-жылдардың соңына қарай, кәсіпкерлікті инкубациялау экономикалық даму мен жаңа жұмыс орындарын ашуды ынталандыруда үкімет қолдаған кең тараған көпшілік формасы болды. Бүгінгі таңда дүниежүзінде 4000-нан астам бизнес-инкубатор бар.

Қазақстандағы бизнес-инкубаторлар

Қазір Қазақстанда 40-тан астам бизнес-инкубатор бар. 2000 жылы Қазақстанның түрлі қалаларындағы14 бизнес-инкубатор мен техникалық парктарды біріктірген Қазақстандық Бизнес Инкубаторлар және Инновациялық Орталықтар Ассоциациясы (ҚБИИОА) негізін тепті. 2002 жылдың қараша айында Бизнес-инкубаторлар мен Технологиялық Парктардың Орта Азиялық жүйесі құрылып, координаторы Шымкенттік СодБи Бизнес-инкубаторы болды.

Инкубация: Дәйектер*

  • Бизнес-инкубаторлар шағын бизнес нысандарының банкротқа ұшырау рискін төмендетеді. АҚШ Ұлттық Бизнес-инкубаторлар Ассоциациясының (NBIA) есептеріне қарағанда, инкубатордан шыққан фирмалардың 87 пайызы әлі күнге дейін жұмыс істеп келеді.
  • Бизнес-инкубаторларға берілген жылдық жоспарлы мемлекеттік жәрдемақының әрбір 1$-на, жергілікті бюджетке иткубатордың әрбір клиенті немесе түлегі шамамен 45$ табыс салығын қайтарады.
  • Инкубаторлар бітірушілерінің 84% осы күнге дейін өз қауымдастықтарында жұмыс істеп, инвесторларға салған қаржыларын қайтарып беруді жалғастыруда.
  • Жергілікті мемлекеттік билік тарапынан қолдау көріп отырған инкубаторлар, әқайсысы шамамен 1,100 $ шығын құрайтын жұмыс орнын ашып отыр; ал, мемлекет қолдауымен жұмыс орнын ашудың басқа бір механизмдері әрбір жұмыс орны үшін 10,000 $ шығын шығарып отыр.
  • 1980 жылдан бастап, Солтүстік Америка инкубаторларының клиенттері мен түлектері шамамен 500,000 жұмыс орнын ашып отыр.
  • Инкубатор клиенті ашқан әрбір 2-жұмыс орны, жергілікті қауымдастықта тағыда бір жұмыс орнының ашылуына септігін тигізеді.

 

* Статистикалық мәліметті АҚШ Ұлттық Бизнес-инкубаторлар Ассоциациясынан (NBIA) алынған.

Аренда коттеджа на сутки в минске http://www.flatbook.by.