|
Бизнес-семинарлар
Ашық семинарлар (тренингтар)
Ашық тренинг - бұл, түрлі ұйымдардан келген тыңдаушылар тобы үшін, оқу орталығы негізінде алдын-ала жарияланған бағдарлама бойынша өткізілетін тренинг. Ашық тренинг өзгертілмейтін, белгілі бір бағдарлама бойынша өткізіледі. Алайда, біз бұл сабақтарды мүмкіндігінше бейімделгіш қылуға тырысып, сондықтан да, оқу процесі барысында немесе одан кейін, бағдарламаға енгізілмеген болсадағы, тыңдаушылардың ерекше сұрақтарына жауап береміз.
Ашық тренинг өткізудің тиімді жақтары:
- бағдарлама мамандар өздерін қызықтырған тақырып бойынша қажетті білімді аздаған уақыт ішінде алатындай етіліп дайындалған;
- тренинг әрбір қатысушы алған білімін іс-тәжірибеде көрсететіндей етіп құрылған;
- басқа да компания мамандарымен бірге ашық тренингке қатысу, тәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндік береді.
|
|