0 1 2

Бизнес-семинарлар

Корпоративті семинарлар (тренингтар)

Корпоративті тренинг - бұл, бір ұйымнан келген тыңдаушылар үшін өткізіледі. Тренинг бағдарламасы әдетте, компания мұқтаждығына, оның іс-әрекет спецификасына, қызметкерлерінің жұмыс кестесіне және т.б. байланысты өткізіледі. Тренинг әдетте, Тапсырыс берушіге барып өткізіледі, алайда, СодБи Бизнес-инкубаторы тренинг-орталығы базасында оқыту да мүмкін.

Корпоративті тренинг өткізудің пайдалы тұстары:

  • тренинг бағдарламасы компанияның жұмыс істеу ерекшеліктеріне және қызметкерлердің оқуға деген қажеттіліктеріне байланысты жасалады;
  • тренинг қатысушылардың интенсивті топтық жұмыстарынан тұрады. Бұл алынған білімді қолдануға ғана емес, қызметкерлердің тобтық жұмыс тиімділігін арттыруға да мүмкіндік береді;
  • оқытудан кейін үйретілген білімдер мен шеберліктердің қолданылуын реттеу үшін, қызметкерлер жұмысына мониторинг (оқу нәтижесін бақылау) жасалады.