Новости

Заңгерлік көмекті тегін алуға болады.

«Оңтүстік кәсіпкерлерінің лигасы» Қоғамдық бірлестігі «СодБи» Бизнес-инкубаторының белсенді жәрдемдесуімен, осы жылдың соңына дейін көзделген «Шағын бизнес Адвокатурасын құру үшін шағын кәсіпкерлікті қолдау» республикалық ашық тендерін жеңіп алды...

«Оңтүстік кәсіпкерлерінің лигасы» Қоғамдық бірлестігі «СодБи» Бизнес-инкубаторының белсенді жәрдемдесуімен, осы жылдың соңына дейін көзделген «Шағын бизнес Адвокатурасын құру үшін шағын кәсіпкерлікті қолдау» республикалық ашық тендерін жеңіп алды... Кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен әрекеттесу процесін дамытуды талдау, қалай болсада барлық проблемалар процестің көп сатылылығы мен ақталмайтын уақыт және қаржы шығынына келіп тірелетіндігін дәлелдеп отыр. Ақпаратың аздығы, тәуекелдің жоғарылығы, процестің бұлыңғырлығы және апелляция мүмкіндігінің жоқтығы кәсіпкерлікпен шұғылданатын адамдардың белсенділігін төмендетіп, ал, өз ісі барлары көптеген әкімшілік кедергілерді кездестіреді. Қазақстанның төрт аймағында, оның ішінде Оңтүстік Қазақстанда да, жұмыс істеп отырған «пилотты» жобаның жүзеге асырылуы әлеуметтік тапсырмалардың шешілуіне, кәсіпкерлердің орта табын құруға, шағын кәсіпкерлік нысандарының өсуіне, шағын кәсіпкерлік нысандарын қорғау бойынша әр тоқсандық мониторинг механизмін ендіруге, шағын кәсіпкерлік нысандарын қорғаудың соттық іс-тәжірибесін талдауға және қорытуға, мемлекеттік емес сектор жұмысын жандандыруға септігін тигізеді. Негізгі басымдылық заңды тұлға құрмастан физикалық тұлға және орташа жылдық жұмысшы саны 10 адамға дейін болып, кәсіпкерлік жұмыс жүргізіп отырған заңды тұлғалар болып табылатын, шағын кәсіпкерлік нысандары мен микробизнес нысандарын, сонымен қатар, штатында заңгері жоқ шағын бизнес нысандарын қорғауға бағытталады. Негізгі басымдылық заңды тұлға құрмастан физикалық тұлға және орташа жылдық жұмысшы саны 10 адамға дейін болып, кәсіпкерлік жұмыс жүргізіп отырған заңды тұлғалар болып табылатын, шағын кәсіпкерлік нысандары мен микробизнес нысандарын, сонымен қатар, штатында заңгері жоқ шағын бизнес нысандарын қорғауға бағытталады. Шағын бизнес адвокатурасы шағын кәсіпкерлік нысандары мен кәсіпкерлік іс-әрекетті жүзеге асыру барысында әкімшілік кедергілерді жою бойынша бақылаушы-қадағалаушылық қызметтерді жүзеге асырып отырған мемлекеттік органдар арасында делдал ретінде болады.