18-19 маусымда СодБи Бизнес-инкубаторында Қырғызстан Республикасы мемлекеттік құрылым өкілдерімен бірнеше кездесу өтті ...
8-19 маусымда СодБи Бизнес-инкубаторында Қырғызстан Республикасы мемлекеттік құрылым өкілдерімен бірнеше кездесу өтті. Құрамы бес адамнан тұратын Қырғызстаннан келген делегация СодБи Бизнес-инкубаторы басшылығымен кездесу үшін Шымкентке келді. Делегация құрамында қатысқандар: Қырғызстан Республикасы Президенті Аппаратының өкілі Бақыт Тұрдықұлов мырза, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрының бірінші орынбасары Мамбеталиев Мұратбек мырза, Бішкек қаласы мэриясы өкілі, Ош қаласының вице-мэрі болды. Делегацияны БҰҰ-ның кедейшілікті жою жөніндегі Бағдарлама Координаторы Айида Жамангулова басқарды. Бұл кездесу Қырғыз әріптестеріміздің бастамасымен ұйымдастырылды. Себебі Қырғызстан Үкіметі шағын және орта бизнесті дамытуды қолдаудың негізгі құралы ретінде, Қырғызстан Республикасындағы бизнес-инкубаторлар іс-әрекетін құруды және күшейтуді қолдау туралы шешім қабылдады. Кездесудің алғашқы күнінде, 18-маусым, қатысушылар Бизнес-инкубатордың миссиялары және мақсаттарымен таныстырылды. Сонымен қатар, оның тарихымен, іс-әрекетімен, ұйымдастырушылық құрылымымен және ұйымның даму стратегиясымен танысты. Келесі күн шағын және орта бизнес нысандарын инкубациялау процесімен және СОДБИ Бизнес-инкубаторы жобаларымен танысуға арналды. Шымкент қаласы әкімшілігі қызметінің өкілдері қатысуымен дөңгелек стол өткізілді: Бопов Қ.О. (Шымкент қаласы тұрғындарымен жұмыс жөніндегі №3 Басқарма), Макашева Л.А. (Шымкент қаласы тұрғындарын әлеуметтік қорғау басқармасы), Үсенов А.Т. (Шымкент қаласы әкімі кәсіпкерлікті қолдау және дамыту басқармасы). Дөңгелек столға қатысушылар кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және дамытудағы іс-тәжірибе алмасты.